Милан-Кортина Паралимпиадасы: Қазақстандық спортшылар финалға шықты

127

Финалдық бәсекенің тікелей эфирі Qazsport телеарнасында Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те басталады. 

Милан-Кортина Паралимпиадасы: Қазақстандық спортшылар финалға шықты Фото: kazparalympics

Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында бүгін Александр Герлиц пара биатлоннан 4,5 шақырым қашықтықтағы тұрып із қуу дисциплинасының іріктеу кезеңінде 10 минут 53 секунд уақыт көрсеткішімен финалға жолдама алды. 

Осы дистанцияда отырып жарысатын спортшылар қатарында финалдық кезеңіңде Ербол Хамитов, Юрий Березин мен Сергей Усольцев те өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, әзірге ел қоржынында 1 қола медаль бар. 10 наурыз күні парашаңғышы Ербол Хамитов 2:29.9 уақыт нәтижесімен мәреге жетіп, тартысты бәсекеде қола жүлдені иеленді.

Қысқы ойындарда 50 елден келген шамамен 650 параспортшы 79 медаль жиынтығын сарапқа салуда. 

Дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша сынға түсуде. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы – Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев, Анна Грачева және Нұрлан Алимов ел намысын қорғауда. 

Қысқы паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты 15 наурызда Кортина-д’Ампеццодағы хоккей стадионында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу