Миллиардтар көз тігетін мундиаль: Әлем чемпионаты туралы қызықты деректер

Ертең, яғни 11 маусым күні төртжылдықтағы басты футбол тойының жалауы желбірейді. 

Миллиардтар көз тігетін мундиаль: Әлем чемпионаты туралы қызықты деректер Фото: ЖИ

Бір қызығы, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты алғаш рет бірден 3 елде – АҚШ, Мексика және Канадада өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жарыстың ашылу матчы Мексика құрамасының қатысуымен өтеді. Бұл ретте 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатының алғашқы ойыны да Мексика құрамасының қатысуымен басталған еді. Ол кездесуде алаң иесі Оңтүстік Африка Республикасы мен Мексика 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Соңғы 60 жылда әлем чемпионатының финалында екі нәтижелі пас берген екі-ақ ойыншы бар: олар – Бобби Мур (1966) және Пеле (1970).

Биылғы әлем чемпионаты бұрынғылардан форматы жағынан да ерекшеленеді. Алғаш рет турнирге 48 құрама қатысады. Командалар 12 топқа бөлінеді, әр топта төрт құрама өнер көрсетеді. Топтық кезеңде әр команда үш матч өткізеді.

Жаңа ереже бойынша әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар, сондай-ақ үшінші орын алғандар арасынан үздік сегіз команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. Осылайша, чемпионаттың шешуші кезеңіне барлығы 32 құрама қатысады.

Футбол тарихында әлем чемпионаты бұған дейін ешқашан 48 құраманың қатысуымен өткізілген емес. Сондықтан, алдағы турнирдің тарихи маңызы ерекше.

Сондай-ақ, биылғы мундиальда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне алғаш рет жолдама алған бірнеше құрама өнер көрсетеді. Олардың қатарында Өзбекстан, Кюрасао, Гаити және Конго құрамалары бар. 

Алдағы әлем чемпионатында дәстүрлі фавориттер қатарында Франция, Испания, Португалия, Бразилия, Нидерланды, Бельгия, Аргентина, Германия және Англия құрамалары аталады. 

2026 жылғы мундиаль жаңа форматымен, дебютант құрамаларымен және қатысушылар санының артуымен есте қалатын ерекше турнир болғалы тұр. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер 4 жыл күтетін футбол мерекесі тағы да миллиардтаған көрерменнің назарын өзіне аудармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу