Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген жоспардың жобасы қоғамдық кеңесте талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Құжатта саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар көзделген. Мал шаруашылығы өкілдерін әлеуметтік қолдау мәселелері де қарастырылған, оның ішінде қойшылар мен бақташылар үшін зейнеткерлік жасты төмендету, олардың балаларына білім беру гранттарын басым тәртіппен бөлу, әскер қатарына шақыруды кейінге қалдыру ұсынылады", – делінген ресми хабарламада.
Жоспар енгізілген басқа да шаралар:
- жануарлардың барлық түрлері бойынша асыл тұқымды малды сатып алуға жылдық 6% мөлшерлемемен ұзақ мерзімді жеңілдетілген кредит беру;
- айналым қаражатын толықтыру үшін мал шаруашылығының ішкі салаларына шектеу қойылмай, 5% мөлшерлемемен кредит беру тетігін енгізу;
- пайдаланылмай жатқан жайылымдардың әлеуетін іске қосу мақсатында көшпелі (отгонды) мал шаруашылығын дамыту үшін 6% мөлшерлемемен бірыңғай кредиттік өнім құру;
Қоғамдық кеңес мүшелері кешенді жоспар жобасын бірауыздан мақұлдады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу