Министрліктер майнерлерді таба алмай жатыр

1426

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов елдегі майнерлердің нақты саны белгісіз екенін айтады. Олардың қанша энергия тұтынғанын ғана жобалап білуге болады. 

Министрліктер майнерлерді таба алмай жатыр

"Олардың энегрия тұтыну көлемі "секіріп" тұрады. Биткоинның бағасына байланысты болуы мүмкін. Биткоин құлдыраса, энергия тұтынуы азаяды. Онымен бірге энергияның тапшылығы да оларға әсер етеді", – деді Нұрмағанбетов.

Заңды жұмыс істейтін майнерлер 700-дей мегаватт электр энергиясын тұтынады екен.

"Қара", яғни заңсыз майнерлерді есептесек мың мегаваттқа дейін тұтынылуы мүмкін. Әрине, нақты осы көлемде қатып қалмайды, жоғарыда айтқанымдай, "секіріп" тұрады", – дейді вице-министр.

Оның айтуына қарағанда, заңсыз жұмыс істеп жатқандарды табу қиын болып тұр. 

"Қытайда оларға тыйым салынған соң, біздің нарыққа келіп отыр. Ал біз олардың нақты қайда орналасқандарын толық білмейміз. Мәселе сонда. Майнерлер мәселесімен ведомствоаралық комиссия айналысып жатыр. Бір ғана министрліктің құзырында шешілетін мәселе емес. Мысалы, біздің қызметкерлер бүкіл қаланы аралап шыға алмайды ғой. Сондықтан энергия беретін компанияларға сауал жолдаймыз. Ал олар кей жағдайда білмейді, кей жағдайда ақпарат қандай да бір жолмен жасырылып тұрады. Әр нәрсені анықтау керек", – деді вице-министр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу