ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Қазақстан қоржынына бесінші алтынды салды

Мұндай сүйінші ақпаратты Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратты.   

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Қазақстан қоржынына бесінші алтынды салды Фото: t.me/DRSQazaqstan

Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында аралас жекпе-жектен Азия ойындарының финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 келіге дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.

Жаза кетейік, MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылған еді.

Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар.

Жалпы, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу