Мүмкіндігі шектеулі жандарды ІТ-мамандықтарға оқыту басталды

1352

DER Z жобасы алғашқы 60 қатысушыны іріктеп алды. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарды ІТ-мамандықтарға оқыту басталды

Елдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға типографика, таргетті жарнама, SММ және графикалық дизайн мамандықтары бойынша білім беретін жоба қолға алынды. Оны "Ерекше Таңдау-Шелек" коропративтік қоры іске асырмақшы.

"Қазір Қазақстанда 695 мың мүмкіндігі шектеулі тұлға бар. Оның ішінде 424 мың мың адам еңбекке жарамды жаста. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы дерегі осындай.  Еңбекке жарамды мүгедектердің тек төрттен бірі ғана жұмыспен қамтылған. Яғни, 112 мың адам деген сөз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 40 пайызға жетеді. Министрлік 2021 жылы осы санды 30 пайызға жеткізуді мақсат етіп отыр. Биыл көктемде жүргізген зерттеудің қорытындысына сенсек, сауалнамадан өткен 345 адам цифрлық білімі жоқ екенін айтқан. Бұл олардың сапалы білім алып, жұмысқа орналасуына кері әсерін тигізуде. Сауалнамаға қатысқандардың 33 пайызы цифрлық білім алғысы келетіндерін айтқан. Олардың бағдарламалау, таргетті жарнама, SММ сияқты қат мамандықтарды игергісі келеді",  деген қордың директоры  Захира Бегалиева жобаның алғашқы кезеңінде 60 адамға көмек көрсетілетінін айтты.

"Азаматтардың осы тобына көмек көрсету үшін "Ерекше Таңдау-Шелек"  корпоративтік қоры жаңа әлеуметтік LIDER Z жобасының басталғанын хабарлайды. Бұл – кәсібиі онлайн мектеп. Біз оларға өздерінің еңбек құқықтарын толық іске асыруға мүмкіндік беретін толыққанды оқу циклін ұсынамыз. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша ІТ-қабілетке ие болып шығады. Тіпті менторлық жетек аясында жұмысқа орналасуына да атсалысамыз. Қазірдің өзінде барлық өңірден 130-дан астам жүгінім келіп түсті. Оның ішінде 60 адам іріктеп алынды. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде 4 курс бойынша жүреді. Олар: базалық курстар,типографика,  SММ және графикалық дизайн",  деді ол.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу