banner

Мұнай бағасының әсері

33242

Мұнай бағасының оң динамикасы нәтижесінде теңге екінші апта қатарынан  нығаюда.

Мұнай бағасының әсері

Валюталық нарық: Теңгенің көтерілуі
Өткен аптадағы KASE шолуына сәйкес мұнай бағасының оң динамикасы арқасында теңге екінші апта қатарынан нығаюда. Солтүстік теңізде өндірілетін Brent эталонды маркалы мұнай бағасы жұма күні бір баррель үшін 46 АҚШ доллары белгісінен асты, ал аптаның ортасында оның бағасы 44 долларға дейін төмендеген болатын. Доллар нарығындағы теңгеге Ұлттық банк ноталары көмектеседі, оларға деген сұраныс бұл қағаздардың тартымды пайдалығының арқасында жоғары болып тұр.

Осының аясында АҚШ долларының бағамы бір аптаның ішінде 4,7 теңгеге немесе 1,3 %-ға төмендеді де, аптаны жапқан жұма күні бір доллар үшін 344,53 теңгені құрады. Ресейлік рубль бір жарым тиынға көтеріліп, бір рубль үшін 5,35 теңгені құрады. Қытайлық юань 0.71 теңгеге арзандап, бір юань үшін 51,78 теңгені құрады.

Қор нарығы: жақсы және жаман жақтары
KASE-гі акциялар нарығы осы аптада төменгі деңгейде болды. KASE индексінің қорытынды төмендеуі небәрі 4 тармақты немесе 0,4 %-ды құрады. Өсудің көшбасшысы болып тұрған - "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ акциялары. Компанияның акциялары бір аптаның ішінде 422 теңгеге немесе 2,7 %-ға өсіп, өткен аптаның 6 пайыздық төмендеуін ұтты.  

11 тамыз күні "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ осы жылдың алты айының шоғырланған қаржылық нәтижесін жариялады. 2015 жылдың осындай кезеңіне қарағанда компанияның табысы 30 %-ға өсіп, 313 млрд. теңгені құрады. Таза пайда 17,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осындай көрсеткішінен 6 есе жоғары, яғни 2,9 млрд. теңге болды. Компанияның түсімі мен таза пайдасының өсуінің негізгі себебі ретінде теңгенің АҚШ долларына айналымының орташа  бағамының артуы, Brent маркалы қара алтын құнының 30 пайызға төмендеуі орнын толтыруға мүмкіндік берген мұнай процессинг кестесіне ауысу, сонымен қатар ренталық салық бойынша шығындардың төмендеуі деп көрсетілді. Эмитенттің қаржылық есептілігін KASE сайтында көруге болады. Осы аптадағы төмендеудегі көшбасшы "БанкЦентрКредит"АҚ акциялары болды, олардың құны 5,6 %-ға немесе 9,2 теңгеге төмендеді де, осылайша KASE-гі  "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ акцияларының өсуіне мүмкіндік берді.

Тамыз айының соңына дейін тағы да екі компанияның бірінші жарты жылдық бойынша қаржылық нәтижесін жариялау күтілуде. Бұл KAZ Minerals және "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ. Осы жылдың 6 айындағы қызметтің қаржылық қорытындысы 18 және 22 тамыз күні жарияланатын болады.

Өткен аптада Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының, сонымен қатар Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының облигацияларын орналастыру болды. Орналастырудың жиынтық көлемі 18,2 млрд. теңгені құрады.  Екі жыл мерзімге ұсынылған облигациялар әкімдіктермен  "Бәйтерек" ҰБХ-дан "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 440 мың шаршы метр түрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін шығарылған.

15 тамыз күні KASE-де "KEGOC" АҚ 20,8 млрд. теңге көлеміндегі облигацияларының қалғанын орналастыру болады. Бір қағаздың атаулы құны- 1000 теңге. Айналыс уақыты- 15 жыл, жылдық купонның инфляциясы деңгейі бойынша индекстелген.  Ағымдағы купондық кезеңге купондық мөлшерлеме жылдық 18,6 %-ды құрайды.

Ақша нарығы: ақшаның арзандауы
Қысқа ақшалардың биржалық нарығының пайдалылығы жылдық 12 %-ға дейін төмендеді. Валюталық ақша айырбасы нарығындағы пайдалылықтың төмендеуі бір аптада 0,55 %-ды, ал репо нарығында 0,07 %-ды құрады. Мұның барлығы Ұлттық банк ноталарының биржадан тыс күн сайын 115 млрд. теңгеден 250 млрд. теңгеге дейінгі сомада орналасатын алғашқы нарығындағы мөлшерлеменің баяу төмендеуі барысында болып отыр. Осы ретте сұраныс ұсыныстан екі есеге асып кетеді, бұл нарықтағы еркін ақшалар санының көп болуының куәсі.

Экономиканың шамалы өсуі, несиелеуге деген сұраныстың аздығы және активтердің сапасы үшін жоғары тәуекел Қазақстандағы банктік несиелеуді ұстап тұруын жалғастыруда деп Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агентіктің шолуында көрсетілген. "Теңгедегі клиенттік депозиттер үлесінің 2016 жылдың I тоқсанындағы 37 %-дан 2016 жылдың II тоқсанында  42 %-ға дейін өсуінің жалғасуына қарамастан, сектордағы жалпы несиелер түзетумен валюталық бағамның  1,4%-ға өзгеруімен қысқарды. Бөлшектік емес несиелер  2,7%-ға күрт қысқарды, ал бөлшектік несиелер 0,5%-ға біршама өсті",- деп түсіндіріледі шолуда.

Осы жылдың II тоқсан соңында жұмыс істемейтін несиелердің үлесі 10,2%-ға дейін ( мерзімі өткен пайыздардың аударымдарын қоса алғанда)   біршама төмендеді. Бірінші тоқсанның соңында бұл сан 10,7% деңгейінде болды, дегенмен, бұл көрсеткіш жұмыс істейтін сияқты жіктелетін көптеген банктердің қайта құрылымдалған және стресті несиелері көлемін есепке алмайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу