Мұнай өнімдерінің саудасы талқыланды

2946

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің 36-отырысы өтті. 

Мұнай өнімдерінің саудасы талқыланды

 Отырысқа қатысушылар комитеттің алдыңғы жиынындағы тапсырмалар қалай орындалғаны туралы есепті тыңдады.

"Kazenergy" қауымдастығының атқарушы директоры Заңғар Ноғайбай ҚР Экологиялық кодексінің мәселелері, ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, әрі мұнай-газ және энергетика саласындағы орта және ұзақ мерзімге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар туралы баяндады.

Отырыс барысында комитет мүшелері мұнай өнімдерінің орталықтандырылған саудасының алғашқы тәжірибесін талқыға салды. 

Сондай-ақ "Товарная биржа ЕТС" АҚ филиалының директоры Нұржан Бегалин орталықтандырылған сауданы жүйелі ұйымдастырудың алғашқы нәтижесін айтып берді.

Биржалық сауда-саттық нәтижесінде мұнай өнімдеріне (бензин) көтерме бағаның өсу динамикасы байқалған.

Комитет төрағасы Данияр Әбілғазиннің айтуынша, бензин бағасының өсуі қоғам мен мемлекеттік органдарда көптеген сұрақ туғызған.

Осыған байланысты төраға ішкі нарықта мұнай өнімдерінің профициті болғанда биржалық сауданы енгізу орынды екенін, оған әлемдік тәжірибе дәлел бола алатынын жеткізді. Ол зауыттардағы қазіргі жағдайды және мұнай өнімдеріне ұсыныс азаюын ескере отырып, бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу үшін жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) сауда-саттығын уақытша тоқтата тұру орынды деген пікірде.

Жиын соңында комитеттің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Оған 
сәйкес жыл бойы ЖЖМ нарығы, салық және экологиялық заңнама, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі басты назарда болады.


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться