Жалпы, мұнай экспорттаушы елдер ұйымы соңғы 2 айда мұнайға сұраныс өсімінің аздап баяулағанын байқап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Иә, біз соңғы екі айда мұнайға сұраныстың өсу қарқыны болжаммен салыстырғанда баяулағанын көріп отырмыз. Десе де, бұл айтарлықтай өзгеріс емес, – деді ол.
ОПЕК бас хатшысының сөзінше, мұнайға сұраныс 2027 жылға қарай қайта қарқын ала түседі.
– Келер жылы сұраныс өсімі тәулігіне 1,5 миллион баррель деңгейінде болады деп ойлап отырмыз, – деп нақтылады Хайсам әл-Ғайс.
Қазіргі баяулау ұйымның ұзақ мерзімді болжамдарына елеулі әсер етпесе керек-ті.
Осыған дейін Лондонда өткен Таяу Шығыстағы мұнай және газ мәселелеріне арналған конференцияда сарапшылар әлемдік мұнай нарығының ахуалын талқылаған еді.
Жиында жеткізу тізбегіндегі іркілістердің ықпалы мен энергетикалық қауіпсіздік саласындағы өзгерістерге ерекше назар аударылған.