Осылайша, олар соңғы 40 жылда тұңғыш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мехикодағы аңызға айналған "Ацтека" стадионында өткен тарихи әрі маңызды матч күн райына байланысты кеш басталды. Десе де, бұл жайт Хавьер Агирре шәкірттерінің көңіліне қаяу салмады.
Ойынның 22-минутында мексикалық Роберто Альварадоның ғаламат пасынан соң, Киньонес қақпа торын тулатты. Бұл футболшының осы турнирдегі үшінші голы еді.
Арада 10 минут өткенде Эквадор қорғаушысы Джоэль Ордоньес қателесіп, Киньонес Рауль Хименеске тамаша мүмкіндік жасап берді. Өз кезегінде тәжірибелі шабуылшы есепте еселеді. Ойынның тағдыры бірінші таймда-ақ шешіліп қойды деуге болатындай.
Мексика 5 шілде күні Мехикода Англия мен Конго ДР жұбының жеңімпазына қарсы 1/8 финалдық кездесуін өткізбек.
Жаза кеткен жөн, Мексика соңғы рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде 1986 жылы жеңіске жеткен еді. Мұнан бөлек, құрама осы турнирдегі 4 ойында да өз қақпасына бірде-бір гол өткізбей келеді.
Сонымен қатар, мексикалық 17 жастағы Хильберто Мора әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде негізгі құрамда алаңға шыққан тарихтағы ең жас екінші ойыншы (1-орын Пелеге тиесілі) атанып отыр.