Мұрты тебіндегенше асыраған кәсіпорынды сақалы сапсиғанша сүйремейді

Бюджеттің бүйірін теспес үшін үш сауда нәтижесінде өтпеген мемлекеттік кәсіпорын таратылады.

Мұрты тебіндегенше асыраған кәсіпорынды сақалы сапсиғанша сүйремейді

 енгізуге бағытталған қаулысы арқылы жекешелендірудегі мемлекеттік нысандар тек қана электронды сауда-саттық арқылы саудалануда. Бұған қоса жекеменшікке өткен нысандар 5 жыл мемлекеттің бақылауында болады.  Сату-сатып алу келісішартында инвестициялық бағдарламаны іске асыру, қызмет бейінін, жұмыс орындарын сақтау, өндіріс көлемінің нақты деңгейін, шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет номенклатурасын қамтамасыз ету сынды шарттар қарастырылған. Міндеттемелер орындалмаса, шарттың күші жойылып, мүлік бастапқы иесіне кері қайтарылатыны нақтыланған. Осыған қарағанда бұл жекешелендіруде баяғыдай бассыздыққа жол берілмеген. Қазір ешкім бұрынғыдай балабақшаны сатып алып, оны базарға айналдыра алмайды.

Бұған қоса аукциондағы кәсіпорындардың бірсыпырасы бюджетке пайдасынан шығыны көп нысанға жатады. Жалпақ тілмен айтқанда, қайсыбір кәсіпорындар мемлекет пен бюджеттің "туған баласы" емес. Бюджеттің соңынан еріп келген асырандысы іспеттес. Кезінде  КМК, КМҚК болып, кейін ЖШС, АҚ болып өзгергендер.  

Сонымен у-шусыз басталған  жекешелендіруге үш жыл. Десек те әлі де жекеменшікке сатылатын кәсіпорындардың саны көп. Сондықтан аукциондарда  ағылшын балғасы жиі тоқылдайды.

Естеріңізде болса, осыған дейін 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары бекітілді. Соның аясында 32 нысан мемлекет меншігіне, 191 нысан квазимемлекеттік сектордағы ұйымдарға тиесілі екені анықталды. Көрсетілген уақыт аралығында коммуналдық меншік кәсіпорындарының тізімі қалыптасып, олардың саны 780-ге жетті. Бұлардың барлығы 2016 жылға дейін бәсекеге қабілетті ортаға берілді. Алайда барлығы бірдей мәре сызығын кесіп өткен жоқ.  Жекешелендіру аймақтарда әлі жалғасып жатыр.

Қарағанды облыстық мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасының дерегінше, кеншілер аймағы 2014-2020 жылдар аралығында 43 кәсіпорынды сатуды жоспарлап қойған. Бұл туралы Қарағанды облысындағы жауапты тұлғалар не дейді? Биыл сатылған ұйымдар қоржынымызды қаншаға қампайтты?

Қарағанды облыстық мемлекеттік активтер және  сатып алу басқармасы мемлекеттік активтерді жекешелендіру және пайдалануға беру бөлімінің басшысы Салтанат Қалиқызының сөзінше, үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсанда бекіткен №1141 қаулысына сәйкес, 2016 жылы басталған мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың нысандарын жекешелендіру бойынша облыстың коммуналдық меншіктегі ұйымдары қайта түгенделді.

Іс барысында Қаржы министрлігі қосымша ұсыныс берді. Осының салдарынан 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына өзгеріс енгізілді.

"Биылғы жылдың сәуір айында үкімет қаулысымен Қарағанды облысының бәсекелестік ортаға беруге жататын ұйымдарының тізімі тағы 10 ұйыммен толықты. Жергілікті атқарушы органдар мен ақпарат және коммуникация министрлігінің ұсынысымен 18 ұйым алынып тасталды. Қазір

2020 жылға дейін бәсекелестік ортаға берілетін 28 ұйым бар. Олардың қатарын денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, спорт және тағы басқа салалардағы ұйымдар құрайды", – деді Салтанат Қалиқызы.

2017 жылы жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізімінен  28 қарашадағы жағдай бойынша бәсекелестік ортаға 12 ұйым беріліпті. Оның ішінде 8 ұйым сатылса, 4 ұйым кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға өтіпті.

Бәсекелестік ортаға берілген 12 ұйымнан облыс бюджетіне 219,0 млн теңгеден астам қаржы түседі деп күтілуде. www.gosreestr. kz  сайтының дерегінше, 2016 жылдан бері облыста 21 ұйым 4272 402  теңгеге сатылған.

Айта кетейік, аукционнан тауы шағылып қайтатын ұйымдар бар. Олардың тағдыры заң бойынша қыл үстінде тұрады. "ҚР Мемлекеттік мүлік туралы" заңына сәйкес, егер өткізілген үш сауда нәтижесі бойынша мемлекеттік кәсіпорын мүліктік кешен ретінде өткізілмесе, бұл мемлекеттік кәсіпорын таратылады. Бұл бюджет мұрты тебіндегенше асыраған кәсіпорындарды сақалы сапсиғанша сүйремейді деген сөз.

Қызғалдақ Айтжанова

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться