Мықты мемлекет болсақ, қазақ тілі де қуатты тіл болатыны анық – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді.

Мықты мемлекет болсақ, қазақ тілі де қуатты тіл болатыны анық – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: Ақорда

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Қазақ тілі – Тәуелсіздігіміздің мызғымас символы, Отанымыздың мемлекеттік тілі, ұлтымыздың мәңгілік жаны ретінде қабылдануы қажет. Басқа көзқарастың болуы мүмкін емес.

Сондықтан қазақ тіліне сыйластықпен қарау бұл – азаматтық, адами борыш. Ал парыз қаншама қастерлі болса да, оның мықты негізі болуы керек.

Біз экономикасы дамыған, инновациясы мен технологиясы үздік, әлем жұртшылығы мойындаған, өркениетті, мықты мемлекет болсақ, қазақ тілі де қуатты тіл болатыны анық.

Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді. Бұл – ақиқат, – деді Президент. 

Мемлекет басшысы бүгінде балабақша мен мектептерде балалардың басым бөлігі қазақ тілінде тәлім-тәрбие алып жатқанын сүйіншіледі. Мысалы, биыл мектепке барған оқушылардың 71 пайызы қазақ сыныптарына қабылданған. Колледждер мен университеттерде де қазақ бөлімдерінің саны көбейіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу