Намибияда Адольф Гитлер тағы да сайлауға түспек

377

Өңірлік сайлау 26 қарашада өтеді.

Намибияда Адольф Гитлер тағы да сайлауға түспек Фото: Shutterstock/Fotodom

Намибиялық саясаткер Адольф Гитлер Уунона Омпунджа округінде өтетін аймақтық сайлауға бесінші рет қатысуға ниетті. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Уунона сайлауға түсетінін растағанымен, осы мәселе туралы толыққанды ашып айтпады. Ол елдегі билеуші партия – Оңтүстік-Батыс Африка халықтық ұйымы атынан сайлауға қатысады. Намибияда өңірлік сайлау 26 қараша күні өтеді.

Адольф Гитлер Уунона алғаш рет Омпунджа округінен 2004 жылы сайланған. Кейін ол үш рет қайта сайланып, соңғы рет 2020 жылы жеңіске жеткен. Сол кезде журналистерге берген сұхбатында ол нацистік идеологиямен байланысы жоқ екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, әкесі бұл есімнің мағынасын жіті түсінбеген. Өзі болса әлемге үстемдік орнатуды көздемейтінін баса айтты.

Жалпы алғанда, 1884 жылдан 1915 жылға дейін Намибия Германияның отары болды. Сол жылдары мемлекет Германдық Оңтүстік-Батыс Африка деп аталды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін тиісті аумақ Оңтүстік Африка одағының басқаруына берілді. Ал 1990 жылы Намибия тәуелсіздігін алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу