Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.
Ресейлік Ранель Сафиуллин 14,300 ұпаймен екінші орын алса, оның отандасы Даниел Маринов 13,866 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу