banner

Нарық жасыл зонада

Елена Брицкая Елена Брицкая
26612

Еуропалық және американдық қор индекстері өткен апта барысында өзінің масималды деңгейін жаңартып өсуді көрсетті.   

Нарық жасыл зонада

Әлемдік қор нарықтарында:
"Сентрас Секьюритиз" АҚ ірі қор индекстерінің өсуі үшін негіз болған драйвер ақша саясатын жеңілдету бойынша нарыққа қатысушылардың күткені болуы мүмкін деп болжайды. Бейсенбі күні Англия банксінің  базалық мөлшерлеме деңгейін жылдық 0,5%-ға дейін сақтап тұрғанына қарамастан, отырыс қорытындысы бойынша түсініктемеде тамыз айында қалай да ақша саясатын жеңілдету жоспары туралы айтылды. Осымен қатар, нарыққа қатысушылар жапон орталық банксінен бюджеттік және монитарлық саясаттың жеңілдеуін күтеді. Осы аптада ЕОБ отырысы болады және нарықтар ынталандыруды арттыруға үміттенеді. Бірқатар американдық компаниялардың қаржылық есебін жариялау бойынша табысты бастау индекстердің өсуіне қосымша әсер болуы мүмкін. 
Еске сала кетсек, дүйсенбіден бастап АҚШ-та 2016 жылғы II тоқсан үшін корпоротивтік қаржылық  есептілігін жариялау кезеңі бастау алды, оны дәстүрге сай американдық Alcoa компаниясы бастады. Компанияның түзету енгізілген табысы акцияға қатысты өткен тоқсанда бір акцияға 15 центті құрап, сарапшылардың 9 центтік болжамына қарсы шықты. Сонымен қатар, инвесторларды JPMorgan Chase және    BlackRock Inc компаниясының инвестицияларын басқарушы банктері бойынша мәліметтер қуантуы керек.
Нәтижесінде өндірістік индекс Dow Jones 2,04%-ға 18 517 б. дейін, S&P индексі 1,49%-ға  2 162 б. дейін және технологиялық индекс NASDAQ – 1,47%-ға  5 030 б. дейін өсті.  Еуропалық қор индекстерінің ішінде британдық FTSE 100 индексінің 1,19% -ға 6 669 б. дейін, немістің DAX индексі 4,54%-ға  10 067 б. дейін және француз индексі CAC-40 4,34%-ға 4 373 б. дейін өсті.  
Тауарлы-шикізатты нарықта: 
Мұнай бағасын белгілеу жасыл зонада жабылып қалды.  Brent маркалы солтүстік теңіз мұнайының бағасы 1,8%-ға бір баррель үшін 47,6 долларға дейін өсті және WTI маркалы жеңіл мұнай бағасы 1,2%-ға бір баррель үшін 46,0 долларға өсті. 
Мұнай бағасын белгілеуге ОПЕК-тің 2017 жылға мұнайға болжамы оң әсерін тигізуі мүмкін, осыған сәйкес әлемдік сұраныс тәулігіне 1,2 баррельге осы жылмен салыстыру бойынша 95,3 млн. баррельге дейін көтеріледі. Осымен қатар, ОПЕК келесі жылы нарықтан картельден тыс өндірудің қысқаруынан мұнайдың артық ұсынысы нарықтан кетеді деп күтеді 
Сонымен қатар, АҚШ мұнайының апталық қорының қысқаруы бойынша мәліметтер драйвер болуы мүмкін. АҚШ Энергетика министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес мұнай қоры 2,55 млн. баррельге қысқарды, бірақ болжалған деңгейден( 3 млн. баррельге төмендеу) төмен болды Аптаның соңында инвесторлардың Нигерия мен Ливиядан шикізатты тасымалдау мәселесінің сақталуына қатысты күткендері, сонымен қатар Қытайдан жақсы статистикалық мәліметтерді жариялау "қара алтынға" қолдау болғаны анық. 
Алтын бағасы 2,11%-ға АҚШ/тр.унциясына 1338 долларға дейін төмендеп түзетулерді көрсетті. Өндірістік металдар аптаны жасыл аймақта аяқтады. Цинк бағасы 2,90%-ға өсті, мыс бағасы 4,31%-ға артып,  алюминий бағасы да тиісінше, 0,03%-ға  артты.  Өндрістік металдардың өсуі Қытай экономикасы бойынша күткеннен де жақсы оң мәліметтерге байланысты деп ойлаймыз. 
Валюталық нарық:
Аптаның қорытындысы бойынша АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 0,35%-ға әлсіреді және 339,2 теңге деңгейінде тіркелді. 
Ресейлік рубльге  Brent маркалы мұнай бағасының 1,8%-ға бір баррель үшін 47,6 долларға қымбаттауы қолдау болғаны анық. Нәтижесінде ресейлік рубль АҚШ долларына қатысты 0,28%-ға тұрақталды және 63,69 рубль белгісінде жабылды. 
Валюталық EUR/USD жұп аптаны 0,14%-ға төмендеумен аяқтады және 1,1035 белгісінде тіркелді. 
Елена Брицкая  "Сентрас Секьюритиз" материалдары бойынша 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу