NASA 2030 жылға қарай Айда ядролық реактор салмақ

446

Бұл бастама – астронавттарды Ай бетіне қайта қондыру үшін маңызды қадам.  

NASA 2030 жылға қарай Айда ядролық реактор салмақ Фото: x.com/InfoR00M

АҚШ-тың Көлік министрі әрі NASA-ның уақытша басшысы Шон Даффи осы аптада Айда атом электр станциясын (АЭС) салу жұмыстарын жеделдету туралы бастаманы жарияламақ, деп жазады inbusiness.kz сайты Politico-ға сілтеме жасап.

Жаңа басшылық NASA-ға өнеркәсіптік компаниялардан 2030 жылға қарай қуаттылығы 100 киловатт болатын ядролық реакторды іске қосуға қатысты ұсыныстар сұратуды міндеттейді.

Сонымен қатар, Даффи Халықаралық ғарыш станциясының орнын басатын жаңа нысанды жасауға қатысты жұмыстарды жеделдетуге шақырды. Бұл да NASA-ның басым бағыттарының бірі саналады.

– Бұл екі қадам АҚШ-тың Ай мен Марсты игеру бойынша әрекеттерін жеделдетуге ықпал етуі мүмкін. Айта кетейік, бұл мақсаттарды Қытай да көздеп отыр, – делінген мақалада.

NASA жарты жыл ішінде кемінде екі компаниямен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр. Агенттік жаңа станцияны 2030 жылға дейін орбитаға шығармақ ниетте. Егер бұл мерзім сақталмаса, тұрақты басқарылатын орбиталық станцияға тек Қытай ғана ие болуы мүмкін.

Қазірдің өзінде Axiom Space, Vast және Blue Origin сияқты бірқатар компания өз жобаларын ұсынған. Алайда соңғы айларда конгрессмендер агенттіктің бұл компанияларға қажетті қаржыны тым баяу бөліп жатқанын сынға алды.

Бұған дейін NASA қызметкерлерінің саны 20%-ға қысқаратынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу