Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

164

Боксшы жартылай финалда 3:2 есебімен жеңілді.  

Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы жартылай финалда Үндістан өкілі Ловлина Боргохайнмен жұдырықтасты. Тартысты жекпе-жекте үндістандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Осылайша Наталья Богданова Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова да 51 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу