Метте Фредериксен мұны TV2 телеарнасына берген сұхбатында айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны "басып алу" жоспарына бейжай қарауға болмайтынын жеткізді.
– АҚШ Гренландияға қоқан-лоқы жасамауы керек. АҚШ арктикалық аралға шабуылдайтын болса, бәрі бір мезетте тоқтатуы мүмкін, – деді М.Фредериксен.
"Егер жағдай солай өрбісе, НАТО-ның жағдайы бітті дей беруге болады" деп қоса кетті ол.
Фредериксен Трамптың Арктикадағы өзін-өзі басқаратын Дания аумағын басып алу туралы мәлімдемесіне қарата "бұл іске байыппен қарау керек" деп ескертті.
– Мен сонымен қатар егер АҚШ НАТО-ның өзге еліне шабуыл жасайтын болса, халықаралық ұйымның өзі де, соған қарай Екінші дүнежүзілік соғыс кезінен қамтамасыз етіліп келе жатқан қауіпсіздіктің де жоқ болатынын түсіндіргім келеді, – деді даниялық шенеунік.
Еске салайық, Трамп пайдалы қазбаларға бай, өзін-өзі басқаратын, соған қарамастан Данияның бөлшегі саналатын, яғни, НАТО альянсына кіретін аралды қосып алуды құп көріп жүр. Бұл ойын біраздан бері байқатты да.
– Бізге Гренландия ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіріп отырған жағдай үшін керек, – деген еді Ақ үй басшысы бұған дейін.
Трамптың аталған мәлімдемесі АҚШ-тың Венесуэлаға соққы жасап, көшбасшысы Николас Мадуроны тұтқындағаннан соң жасалып отыр.