Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш 8 жылға сотталды

3534

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында Самат Әбіштің сотталғаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш 8 жылға сотталды Фото: exclusive.kz / sputnik / коллаж inbusiness

"26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды", – делінген жазбада.

Қазірге ақпарат соттан ресми расталған жоқ.

Еске сала кетейік, Самат Әбішке "Қаңтар оқиғасы" кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу