Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші жарыс күнінде рингке алғашқы болып Назым Қызайбай шықты.
Ол ширек финалда Азия чемпионы, өзбекстандық Фарзона Фозилованы 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жекпе-жек бастала салысымен Назым қарсыласын қыспаққа алып, үш раунд бойы толық басымдық көрсетті.
Айта кетейік, Назыммен қатар бүгін сегіз қазақстандық былғары қолғап шебері рингке шығады.
Астанада өтіп жатқан әлем кубогында 30 мемлекеттен 300-ден астам боксшы сынға түсуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу