Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогының жеңімпазы атанды

93

Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Қытайда өткен Әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогының жеңімпазы атанды Фото: vesti.kz

Отандасымыз 54 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Италия өкілі, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Сирине Чараабимен қолғап түйістірді.

3 раунд бойы басымдық танытқан Назым төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қызайбай жарыс жолында бірнеше мықты қарсыласын артта қалдырды. 1/8 финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джиді 4:1 есебімен ұтса, ширек финалда польшалық Виктория Рогалинсканы 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Ал жартылай финалда тайландтық Натнича Чонгпронгклангтан 3:2 есебімен басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу