Недовесов ширек финалға шықты

1649

Анталияда өтіп жатқан турнирде биыл Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұп болып өнер көрсетуде.

Недовесов ширек финалға шықты

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия челленджер турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Қазақстан Теннис Федерациясының баспасөз қызметі.

Осы турнирдің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп алғашқы кездесуін америкалықтар Роберт Гэллоуэй – Алекс Лоусонмен өткізді. А.Недовесов пен Д.Молчанов 6:4, 6:2 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Бәсеке бір сағаттай уақытқа созылды. Осылайша А.Недовесов пен Д.Молчанов жүлде қоры 44 820 АҚШ долларына бағаланған жарыстың ширек финалына шықты. Олар жартылай финалға өту үшін колумбиялық Даниэль Элахи Галан Риверос пен эквадорлық Эмилио Гомес немесе словакиялық Йозеф Ковалик пен мысырлық Мохамед Сафват жұптарының жеңмпазымен таласады.

Өткен жылы Недовесов Голубевпен дәл осы турнирде жұптық сында үш титулға ие болған. Бірақ, Голубев қазір Мельбурнде өтетін Аустралия ашық біріншілігіне дайындалып жатыр. Сондықтан әзірге ол Недовесовпен дуэт болып Түркиядағы турнирге қатыса алмады. Бұған қарамастан түрік курортындағы турнирдің қазақстандық қатысушысы Недовесов бұл турнирде өзіне лайықты серіктес тапты. Молчанов 33 жасында 24 жеңіске жеткен. Ал Недовесов осы уақытқа дейін шешуші кездесулерде үш рет жеңіске жеткен.

Недовесов Түркияда сәтті өнер көрсетіп жатса, ал қазақстандық теннисшілерден Аустралияда өтетін турнирге аттанып, карантинге жабылған спортшыларымыз Grampians Trophy турниріне қатысады. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл жарыста Мельбурнда карантинге байланысты толық оқшауланып, өз қонақүй бөлмелерінен шыға алмаған спортшылар бақ сынайды. Олардың арасында қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бар. Мельбурнда 2 ақпанда басталатын аталмыш додаға қатысушылар тізіміне сондай-ақ канадалық Бьянка Андрееску, швейцариялық Белинда Бенчич, Беларусь өкілі Виктория Азаренко, грекиялық Мария Саккари және басқа танымал теннисшілер есімі енгізілген.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу