Недовесов украиналық теннисшімен бірге жартылай финалға шықты

2104

Түркияда өтіп жатқан Челленджер турнирінде жұптық сында Недовесов жартылай финалға шықса, жекелей өнер көрсету бойынша тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попко  екінші айналымда қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтады. 

Недовесов украиналық теннисшімен бірге жартылай финалға шықты

Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Анталия-2 Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалда венесуэлалық Давид Луис Мартинес – германиялық Даниэль Альтмайермен күш сынасты. Осы доданың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен Д.Молчанов 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.

Недовесов пен Молчанов жартылай финалда екі жас бразилиялық, 25 жастағы Рафаэль Матос пен 22 жастағы Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен кездеседі. Ширек финалдағы бұл жұп түркиялық теннисшілер Янка Эрель мен Марсель Ильханды екі сетте жеңді - 6: 2, 6: 2. Сонымен, жұма күні Недовесов пен Молчанов өте қызықты матч өткізеді.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Челленджердің Анталиядағы екінші тур ойынында аргентиналық Факундо Багниске 1: 6, 2: 6 есебімен есе жіберді. 1 сағат 27 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші екі эйс, бір брейк жасап, алты мәрте екі еселенген қателікке жол берді.

MTA Open Challenger додасының жүлде қоры 44 820 АҚШ долларын құрайды. Турнирге әлемнің 20-дан астам елінен 48 кәсіби теннисші қатысуда.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу