Неймардың жанкүйерлері фан-шопты дүрліктірді

786

Неймар трансфер құны бойынша рекорд орнатты.

Неймардың жанкүйерлері фан-шопты дүрліктірді Фото: vesti.kz

Бразилиялық шабуылшы Неймар ресми түрде Францияның "Пари Сен-Жермен" командасынан "Әл-Хилалға" ауысты.

"Әл-Хилал" - таңғажайып жанкүйерлері бар алып әрі өз құрлығындағы ең үздік клуб. Мен жеңіске жеткенді және гол соққанды жақсы көремін. Енді мен мұны Сауд Арабиясында "Әл-Хилал" үшін жалғастыруды жоспарлап отырмын", - деді бразилиялық.

Жаңа келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылға жасалды. Transfermarkt мәліметтері бойынша трансфер сомасы 90 миллион еуроны құрады. Осылайша бразилиялық шабуылшы трансфер сомасы бойынша рекорд орнатты. 2013 жылы Неймар "Сантостан" 88 миллион еуроға "Барселонаға" ауысты, 2017 жылы "Пари Сен-Жерменге" 222 миллион еуроға ауысты, "Аль-Хилал" бразилиялыққа 90 миллион еуроға түсті. 31 жастағы шабуылшы өткен маусымда ПСЖ сапында 29 ойынға қатысып, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.

Неймардың үш трансфері үшін клубтар барлығы 400 миллион еуро төлеген. Бұл рекордтық көрсеткіш. Одан кейінгі орында Ромелу Лукаку (7 трансфер, 333,36 миллион еуро), Криштиану Роналду (4 трансфер, 247 миллион еуро), Усман Дембеле (3 трансфер, 220 миллион еуро) және Альваро Мората (6 трансфер, 189 миллион еуро).

"Ал Неймардың "Әл-Хилалға" ауысуы клубтың фан-шоптарында бұрын-соңды болмаған дүрбелең тудырды", деп хабарлайды L'Equipe. Клуб футболшының ауысқанын ресми түрде жариялаған сәттен бастап-ақ "Әл-Хилалдың" фан-шоптарына адам көп ағылды. Сауда алаңдарын толтырған сатып алушылардың барлығы дерлік Неймардың жейдесіне келген.

"Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Дүкен жабылғанға дейін адам толы болды, яғни түн ортасына дейін", - деп келтіреді фан-шоп қызметкерлерінің сөзін француз басылымы. Ол сатылған жейделердің нақты санын айтудан бас тартты. Бірақ бір әріптесінің айтуынша, трансфер рәсімделгеннен кейін алғашқы жеті сағатта арқасында 10 саны бар жейделердің онлайн сатылымы 10 000-ға жеткен. Бір футболканың құны шамамен 63 долларды құрайды.

"Менің ұлым күн сайын әлеуметтік желіде бразилиялық ойыншының трансфері туралы хабарды бақылап отырды. Біз оның алаңға шығуын тағатсыздана күтудеміз және ол жарақат алмаса екен деп үміттенеміз", - деді дүкенге келушілердің бірі.

"Бұл менің балаларыма. Олар кеше түнде әлеуметтік желіде трансфердің болғанын көргенде менің есімді шығарды. Бүгін дүкенге үлгеру үшін түстен кейін жұмыстан ертерек шығуға тура келді. Оның біздің командада ойнайтынына әлі де сене алар емеспін", - дейді бірден төрт жейде алған жанкүйер.

Кейбір жанкүйерлер жейдені алуға үлгеру үшін 300 шақырым жол жүріп келген. Осылайша Неймардың жанкүйерлері фан-шопты бір дүрліктірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу