Нидерланд әйелдерге қатысты тосын шешім қабылдауды бастады

Елде 8 әскери қызметші әйел құрлық және теңіз күштерінің арнайы жасақтарына іріктеуден өтуге дайындалып жатыр.

Нидерланд әйелдерге қатысты тосын шешім қабылдауды бастады Фото: m-jglobal.com

Нидерланд қарулы күштеріндегі 46,9 мың әскери қызметшінің 6,2 мыңнан астамы әйелдер болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Елдің қорғаныс министрінің мемлекеттік хатшысы Дерк Босвейктің сөзінше, қарулы күштер қатарына көбірек әйел тарту керек. 

– Қарулы күштер қатарында әйелдер санының артуы біз үшін өте маңызды. Әйелдердің кез келген деңгейде ерлермен тең дәрежеде қызмет ете алатынын көрсеткіміз келеді, – деді Босвейк NRC газетіне берген сұхбатында.

Басылымның мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Нидерланд қарулы күштеріндегі 46,9 мың әскери қызметшінің 6,2 мыңнан астамы әйелдер болған. Бұл жалпы құрамның шамамен 13 пайызына тең. Соңғы бірнеше жылда бұл көрсеткіш өзгермеген. Босвейк 2030 жылға қарай әйелдердің үлесін кемінде 30 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Мемлекеттік хатшы ерлер мен әйелдерге қойылатын нормативтер бірдей болатынын айтады. Әйел үміткерлерге жеке жаттығу бағдарламалары әзірленіп, арнайы жабдықтар беріледі. Сонымен қатар, ол Нидерланд армиясында әйелдер әлі күнге дейін ерлерге арналған әскери жабдықтарды пайдалануға мәжбүр екенін мойындады.

15 қыркүйекте ұсынылған бюджет жобасына сай, 2027 жылы қорғаныс саласына 28,9 млрд еуро бөлу жоспарланған.

Ал 2030 жылға қарай қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді, резервтегілер мен азаматтық персоналды қоса алғанда, қызметкерлер санын 100 мыңнан асыруды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу