Никол Пашинян Қазақстан Президентіне алғыс айтты

236

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды.

Никол Пашинян Қазақстан Президентіне алғыс айтты Фото: armlur.am

Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап.

Күні кеше Әзербайжанның жүк транзитіне қойған шектеулерді алып тастағаны белгілі болды.

"Кеше Президент Ильхам Әлиев Әзербайжанның өз аумағы арқылы Арменияға транзиттік жүк тасымалына шектеулерді алып тастағанын айтты. Бұл өте маңызды мәлімдеме екені белгілі. Осы қадамы үшін Әзербайжан Президентіне алғыс айтамын. Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша Қазақстан Президентіне және Грузия Премьер-министріне ризашылығымды білдіремін", – деді Пашинян Тбилисиде өткен V Жібек жолы халықаралық форумында.

Айта кету керек, Қазақстан Әзербайжаннан қандай тауарларды импорттайтынын жазғанбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу