Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Николай Веретенников (13-7) АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында өткен UFC 320 турнирінде жеңіске жете алмады. Оның қарсыласы америкалық Пунахэле Сориано (12-4) болды. Веретенников үш раундтан кейін төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (27-30, 27-30, 27-30) жеңілді. Бұл Веретенниковтың америкалық промоушендегі келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жегі болды.
Ал Сориано мансабындағы 12-ші жеңісіне жетті.
Турнирдің басты жекпе-жегінде ресейлік Магомед Анкалаев (21-2-1) пен бразилиялық Алекс Перейра (13-3) арасындағы реванш болды. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек сенсациялық түрде жылдам бірінші раундта-ақ аяқталды. Анкалаев ауыр соққы өткізіп алып, партерге түсті де, шынтақпен жасалған соққылар сериясынан кейін жеңілді. Бұл ресейлік спортшы үшін күтпеген ауыр жеңіліс болды. Оған фанаттар да, сарапшылар да сенбеген еді. Нәтижесінде Анкалаев чемпиондық белбеуінен айырылды. Ол бұл белбеуді 9 наурызда дәл осы Перейраға қарсы өткен алғашқы кездесуде жеңіп алған болатын.