Нора Джеруто Олимпиада ойындарында жүлдесіз қалды

436

Ол 3000 метр қашықтықты 9-орынмен аяқтады. 

Нора Джеруто Олимпиада ойындарында жүлдесіз қалды Фото: Сали Сабиров

Олимпиада ойындарында 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто мәрені тоғызыншы болып кесті. Финалдық кезеңге барлығы 15 желаяқ қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл дистанцияда бірінші болып бахрейндік желаяқ Уинфред Яви келді. Ал, Токио Олимпиадасының чемпионы угандалық Перут Чемутай екінші орын алса, Кениядан келген Фейт Черотич үздік үштікті қорытындылады.

Айта кету керек, мәре сызығына ондаған метр қалғанға дейін Перут Чемутай көш бастап келе жатқан. Алайда, соңғы сәтте Уинфрид Яви жылдамдықты арттырып, жеңісті жұлып алды.

Нора Джеруто – 2022 жылғы әлем чемпионы. Қазақстанға ол 2017 жылы Кениядан көшіп келіп, біздің елдің азаматтығын алды. Былтыр босанып, декреттік демалыстан жақында ғана шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу