Норвегия әлем чемпионатында африкалық құраманы еліне қайтарды

Биылғы мундиалдың плей-офф сатысында Норвегия Кот-д’Ивуармен кездесті.   

Норвегия әлем чемпионатында африкалық құраманы еліне қайтарды Фото: sport-express.ru

Матч барысында қос құраманың да жарысты одан әрі жалғастыратын мүмкіндігі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаза кетейік, африкалық құраманың қатарында жер-жаһанның беделді клубтарында доп теуіп жүрген футболшылар көп. Сол секілді, Эрлинг Холанд бастаған Норвегия сапында да небір сайыпқырандар бар. Сондықтан, ойынның тартысты өтетініне ешкімнің күмәні жоқ еді. 

Кездесудің 39-минутта норвегиялық Антонио Нуса таблодағы көрсеткішті өзгертті. Ал ойынның 74-минутында Кот-д’Ивуар сапынан Амад Диалло есепті теңестіріп кетті. Десе де, арада 10 минут өтер-өтпестен Эрлинг Холанд (86-минут) шешуші гол соғып, комадасын алға шығарды. 

Осылайша, Норвегия қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты. 

Бұған дейін мундиалға 40 жастан асқан бірнеше футболшы қатысып жатқанын жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу