Норвегиялық шаңғышы 7 дүркін қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды

227

Йоханнес Клебоға Олимпиада рекордын жаңарту үшін тағы екі алтын медальға қол жеткізу керек. 

Норвегиялық шаңғышы 7 дүркін қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды

Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысында классикалық спринтте алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Йоханнес скиатлонда көрсеткен тәсілін қайталап, соңғы өрлеуде қарқынын күрт үдетіп, қарсыластарын артта қалдырды. Шешуші жарыста соңғы асуға дейін оның жылдамдығына тек америкалық Бен Огден мен норвегиялық Оскар Вике ғана ілесе алды.

Мәреге екінші болып Бен Огден жетті. Ал үздік үштікті тағы бір норвегиялық Оскар Опстад Вике (+6,81) түйіндеді.

Осылайша, Клебо жеті дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Қысқы Олимпиада ойындарында одан көп алтын медальды оның жерлестері шаңғышылар Марит Бьорген мен Бьорн Дэли, сондай-ақ биатлоншы Уле-Эйнар Бьорндален (әрқайсысы сегіз алтыннан) иеленген. Дегенмен осы қысқы Ойындарда алдағы уақытта Йоханнес Клебоның медаль алуға тағы да мүмкіндігі бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу