Новак Джокович теңдесіз рекорд орнатты

298

Әлемдегі ең атақты теннисші, сербиялық Новак Джокович US Open турнирінің жартылай финалына шығып, жаңа рекорд орнатты.

Новак Джокович теңдесіз рекорд орнатты

Новак Джокович 38 жас 3 ай 11 күнінде АҚШ ашық чемпионатында жекелей сында жартылай финалға шықты.

US Open-2025 турнирінің 1/4 финалында серб спортшысы әлемдік рейтингтің төртінші сатысындағы америкалық Тейлор Фритцті төрт сетте жеңді – 6:3, 7:5, 3:6, 6:4.

Осылайша Джокович жаңа рекорд орнатып, бір маусым ішінде "Үлкен дулыға" турнирлерінің барлығында жартылай финалға дейін жеткен ең жасы үлкен теннисші атанды. Бұған дейін 2025 жылы Джокович Australian Open, "Ролан Гаррос" және Уимблдон турнирлерін де жартылай финалда аяқтаған болатын.

Айта кетейік, жартылай финалда Новак Джокович әлемнің 2-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы ойнайды. Ол өткен кезеңде чех теннисшісі Иржи Легечканы 3:0 есебімен (6:4, 6:2, 6:4) жеңген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу