"Nur Otan" партиясы: мәдени мұраны сақтау – басты міндет

678

Бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгеше. Түрлі деңгейдегі мәслихат пен Мәжіліс депутаттары сайлаушылардың партияны таңдауы арқылы іріктеледі.

"Nur Otan" партиясы: мәдени мұраны сақтау – басты міндет

Елімізде тұңғыш рет қолданысқа енгізілген праймеризден сүрінбей өткен "нұротандық" кандидаттар үгіт-насихат науқанын тәмамдауға жақын. Бүгін қалалық мәслихат депуттатығына кандидат Саят Балмағанбетов "Zoom" платформасында мәдениет саласының қызметкерлерімен онлай форматта кездесті.

– Өздеріңіз білетіндей мен – бапкер-жаттықтырушымын. Праймериз жаңа буын өкілдерін, жастарды, жалынды азаматтарды, жас кәсіпкерлер мен жаңа тұлғаларды саясат сахнасына алып келді. Оның ішінде белсенді әйелдер мен білімді қыз-келіншектер де аз емес. Партия ішілік таңдау маған және басқа да көп жасқа еліміздің жарқын болашағын бағамдауға мүмкіндік берді. Мәслихаттағы жастардың үлесі 30 пайызға жетпек. Бұл – праймериздің жемісі, – деп әңімесін бастаған кандидат еліміздің жетекші партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, оның ішінде Жезқазғанның даму жоспарында қамтылған жеті басымдықтың бірі  мәдениет пен тарихты дамытуға кеңірек тоқталды.

Партия ұлттық сананы жаңғырту және жаңарту идеясын, қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени, рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Осы ретте партия мемлекеттік тілді дамытып, оның қолданыс аясын кеңейтуді, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтып, өңірдің қасиетті де тарихи орындарына экспедициялар ұйымдастырып, Жошы хан, Болған ана, Алаша хан мен Домбауыл, Теректі Әулие мен Әулие тауды абаттандыру мен инфрақұрлымын дамыту міндетін өзіне жүктеп отыр. Сонымен бірге, қазақтың ақын, жазушыларын, ғалымдарын танымал ету үшін халықаралық, республикалық дейгейдегі мәдени шаралар өткізуге мұрындық болмақ.

Тарихи мұрамызды сақтап қана қоймай өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді мақсат еткен "Nur Otan" партиясының негізгі жоспары мәдениет саласы қызметкерлерінің көңілінен шығып, қолдауына ие болды. Онлайн конференцияға қосылған Жезқазған тарихи-археологиялық музей директорының орынбасары Зағира Қалменова: "Саяси науқанға "Nur Otan" партиясы үлкен дайындықпен келгенін көзіміз көріп, өзіміз қуанып отырмыз. Бұл жолы әр аймақта жүзеге асырылатын нақты істер көрсетілген. Жезқазғанда жолдар жөнделіп, жаңа мектеп, балабақша, спорт пен мәдениет нысандары, тұрғын үйлер салынып, жаңа зауыттар мен кәсіпорындар іске қосылады дегенді естіп төбеміз көкке жетті. Өңірдің күретамырына қан жүгіріп, туған жеріміз жерұйыққа айналар күн алыс емес. Үлкен сеніммен  халықтың мүддесін бәрінен биік қойған "Nur Otan" партиясын таңдаймыз", – деп кандидат Саят Сәбиұлына сәттілік тіледі.

"Nur Otan" партиясы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сайлау қорынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу