Нұралы Әліп "Зенит" ойыншысы атанды

1500

Ресейлік клуб пен қазақстандық футболшы арасындағы келісім-шарт бір жылға жасалды.

Нұралы Әліп "Зенит" ойыншысы атанды

Санкт-Петербургтік "Зенит" Қазақстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліппен келісім-шартқа отырды. Ресейлік клуб "Қайрат" футболшысын сатып алу құқығымен маусым соңына дейін жалға алды.

"Ресми: Нұралы Әліп "Зенит" футбол клубына жалға ауысты. "Қайрат" футбол клубы және Санкт-Петерборлық "Зенит" қорғаушы Нұралы Әліптің бір жыл көлемінде, жалға ауысымы туралы келісімге келді. Сатып алу құқығы бар екенінде хабарлаймыз. "Қайрат" футбол клубы Нұралыға тек сәттілік тілейді, "Зенит" сапында нәтижелі, сапалы ойын көрсетуіңе тілектеспіз!", – деп жазды "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі.

Нұралы 2015 жылы "Қайрат" академиясында жаттыға бастады, үш жылдан кейін, яғни 2018 жылы алматылық клуб сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Жалпы Әліп "Қайрат" жейдесінде 99 кездесу өткізіп, 5 гол мен 4 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Командамен бірге Қазақстан чемпионатында топ жарып, ел кубогінің екі дүркін иегері атанды. Ал Қазақстан құрамасы сапында 12 кездесу өткізіп үлгерді.

Ал "Зенит" сапында оқу-жаттығу барысында 22 жастағы қазақстандық футболшы польшалық "Мидтьюлланд" және "Брондбюмен" болған матчтарда гол соқты. Оған қоса, Португалияда өткен Atlantic Cup турнирінің жеңімпазы атанды. Ресейлік клуб футболшының толық трансфері үшін енді 4 миллион еуро төлейтін болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу