Нұрбек Оралбай Азия чемпионы атанды

205

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Жасурбек Юлдошевке қарсы шаршы алаңға шықты. 

Нұрбек Оралбай Азия чемпионы атанды Фото: gov.kz

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оралбай жекпе-жекті сенімді бастап, алғашқы үшминуттықты 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші раундта да басымдық танытып, жеңіске біртабан жақындай түсті.

Нәтижесінде Нұрбек төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) алтын жүлде иеленсе, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) финалда жеңіліп, күміс медальмен шектелген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу