85 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері жартылай финалда алаң қожайыны Бариахаан Доржбен кездесті. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Нұрбек өз басымдығын байқатып, бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Осыдан кейін де қазақстандық спортшы рингте басымдықты толық өз қолына алып, шабуылда белсенділік танытты. Қарсыласына еш мүмкіндік бермеген Оралбай жекпе-жекті сенімді аяқтады.
Төрешілер шешімі біржақты болды – 5:0 (30-24, 30-24, 30-26, 30-24, 30-26). Осылайша, Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шығып, алтын жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.