Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Жұлқа көтеруде 182 келіні, ал серпе көтеруде 217 келіні еңсерді. Нәтижесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі көтеріп, екінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар спортшы екі жаттығудың әрқайсысында күміс медаль иеленді. Осылайша, Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының екі кіші күміс жүлдесі де бар.
Бұл салмақта Болгария өкілі Карлос Насар 415 (185+230) келі нәтижесімен чемпион атанса, ирандық Али Алипур 396 (181+215) келімен қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.
Еске салайық, биыл қыркүйекте Нұрғиса Әділетұлы Жапонияда өткен Аичи–Нагоя Азия ойындарында күміс медаль иеленген болатын. Ол кезде қоссайыс қорытындысы бойынша 394 келі көтерген.
Спортшы бұған дейін де әлем чемпионаттарында жүлдеге қол жеткізген. 2022 жылы күміс медаль алса, 2024 жылы әлем чемпионы атанған.