Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

97

Бұл Нұрқанаттың жаңа салмақ дәрежесіндегі алғашқы ірі жеңісі.

Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінің чемпионы атанды Фото: judoteam

Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда ол әзербайжандық Туран Байрамовпен белдесті. Тартысты өткен кездесудің соңғы секундтарында Нұрқанат шешуші әдіс жасап, юко ұпайымен жеңісті жұлып әкетті.

Бүгін ол барлығы 5 кездесу өткізіп, бірде-бір қарсыласына мүмкіндік бермеді. Ол Рашид Елкиевті (Әзербайжан), Дрисс Массон Жбилоуды (Франция), ширек финалда Петрос Шрицодоулидесті (Кипр), ал жартылай финалда Давид Гарсиа Торнені (Испания) сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы турнирдегі екінші жүлдесі. Бұған дейін Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль еншілеген еді.

Жалпы, Тбилисидегі додаға 51 елден 386 дзюдошы қатысып жатыр. Турнир 22 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу