Нұрқожа Қайпанов күрестен Астанадағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

203

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды.

Нұрқожа Қайпанов күрестен Астанадағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті. Отандасымыз ақтық белдесуде Ресей өкілі Иналбек Шериевпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде Қайпанов қарсыласына жол беріп, әлем біріншілігін күміс медальмен аяқтады.

Жерлесіміз финалға дейін төрт белдесуде жеңіске жетті. Ол Косово өкілі Эгзон Хониден, Әзірбайжан балуаны Туран Байрамовтан, Тәжікстан өкілі Виктор Рассадиннен және жапониялық Йошиносуке Аоягиден басым түсті.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында финалға жолдама алған Қазақстан құрамасының жалғыз өкілі атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу