Бұған дейін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 19 ақпанды Рамазан айының алғашқы күні деп жариялаған болатын. Осыған сәйкес, 18 ақпан күні кешке құптан намазынан кейін тарауық намазы оқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Кейбір араб мемлекеттері айды көру дәстүріне сай бүгін кешке тарауық намазын оқып, ертең Оразаның алғашқы күні деп жариялап жатыр. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар сол елдерге немесе әлеуметтік желілердегі ақпараттарға еліктеп, оразаны ертерек бастауға ниет білдіріп жатыр, – деді дінтанушы.
Теологтың айтуынша, ораза 19 ақпан күні республика аумағында басталады. Басқа мемлекеттердің ай көруі немесе жариялаған күндері Қазақстан үшін негіз болмайды. Сондықтан 18 ақпан кешінде тарауық намазы оқылады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Рамазан айының Ораза кестесін жариялады.