Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

105

6-12 сәуір аралығында Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтуде. 

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты Фото: Olympic.kz

Бүгін Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық біріншіліктің алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресі бойынша белдесулер өтті.

87 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жүрген Нұрсұлтан Тұрсынов сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Қазақстандық балуан ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Сынхван Лимен кездесіп, 7:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Нұрсұлтан Тұрсынов 1/2 финалда турнир қожайыны, қырғыз балуаны Асан Жанышовпен белдеседі. 

Сонымен қатар, қазақстандық Сайфулла Құрман 1/8 финалда Үндістан спортшысы Санни Кумарды 6:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. 

Ал, Қаһарман Қисметов (77 кг) қырғызстандық Ақжол Махмұдовқа жол берсе, Нұрзат Қабдырахимов (55 кг) ирандық қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, биылғы Азия чемпионатында еркін күрестен ерлер арасында 10 спортшымыз, әйелдер күресінен 10 спортшымыз, сондай-ақ грек-рим күресінен 10 спортшымыз ел намысын қорғауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу