Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі

182

Қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады. 

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

87 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Тұрсынов түрікменстандық Довлетмұрат Байрамовпен кездесті.

Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде Қахарман Қисыметов (77 келіге дейін) те қола жүлде үшін белдескен еді. Алайда ол өзбекстандық Дониерхон Накибовқа есе жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу