Қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
69 келіге дейінгі салмақта өткен финалда қазақстандық спортшы БАӘ өкілі Ахмед Андизбен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша Нұржан Батырбеков Азиаданы күміс медальмен аяқтады. Бұл – оның Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу