Нұржан Батырбеков Азия ойындарының алтыны үшін күреседі

152

Сингапурлық қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.  

Нұржан Батырбеков Азия ойындарының алтыны үшін күреседі Фото: olympic.kz

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы жартылай финалда Сингапур өкілі Ноа Тянь Жун Лимді 4:0 есебімен жеңді.

Батырбеков бұған дейін ширек финалда филиппиндік Марк Александр Лимнен 4:2 есебімен басым түскен еді.

Енді қазақстандық спортшы Азия ойындарының алтын медалі үшін күреседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу