Нью-Йоркте өзбекстандық футболшылар күшейтілген қауіпсіздік тексеруінен өтті

101

БАҚ мәліметінше, стадионға кіреберісте Өзбекстан құрамасы иісшіл иттердің көмегімен қосымша тексерілген.  

Нью-Йоркте өзбекстандық футболшылар күшейтілген қауіпсіздік тексеруінен өтті Фото: upl.uz

Нью-Йорктегі Икан стадионында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындық аясында Өзбекстан мен Нидерланды құрамалары арасында жолдастық матч өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірқатар БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі жазбаларға сілтеме жасап хабарлауынша, матч алдында Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншылары мен делегация мүшелері күшейтілген қауіпсіздік тексеруінен өткен. Атап айтқанда, стадионға кіреберісте қауіпсіздік қызметкерлері иісшіл иттердің көмегімен қосымша тексеру жүргізген.

Алайда бұл ақпаратқа қатысты Өзбекстан футбол қауымдастығы мен матч ұйымдастырушылары ресми түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Нидерланды құрамасы Өзбекстанды 2:1 есебімен жеңгенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу