"Ньюкасл" Бакуде ойран салды

160

Гордон төрт гол соғып, "Карабахты" тас-талқан етті

"Ньюкасл" Бакуде ойран салды

2025-2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы өтпелі матчында "Карабах" пен "Ньюкасл Юнайтед" кездесті. Ойын 6:1 есебімен ағылшын клубының пайдасына аяқталды.

Кездесу Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы стадионда өтті. Матчтың бас төрешісі норвегиялық Эспен Эскос болды.

Ойынның 3-минутында Энтони Гордон есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. 9-минутта Малик Тшау ағылшын командасының басымдығын еселей түсті.

32-минутта Гордон пенальтиді сәтті орындап, дубль авторы атанды. Араға екі минут салып, хет-трик жасады. Ал бірінші таймға қосылған уақытта (45+1) тағы да 11 метрлік айып добын дәл орындап, покер тіркеді.

54-минутта Элвин Джафаргулиев "Карабах" сапынан бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен 72-минутта Джейкоб Мёрфи қонақтардың алтыншы добын соғып, матчтың соңғы нүктесін қойды.

"Ньюкасл Юнайтед" пен "Карабах" арасындағы жауапты кездесу 24 ақпанда өтеді. Ойын Ньюкасл-апон-Тайн қаласындағы Сент-Джеймс Парк стадионында өтеді.

Жалпы кезең қорытындысы бойынша "Карабах" 10 ұпай жинап, 22-орынға тұрақтады. Ал ағылшын клубы 14 ұпаймен 12-сатыға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу