"Ойын ойнаудың қажеті жоқ" - Қазақстан бокс федерациясының өкілі AIBA-ның айыптауына жауап берді

2034

Бекжан Бектенов AIBA-ның нормаларды сақтау жөніндегі комиссиясының өзіне қатысты айыптаулары негізсіз екенін айтты.

"Ойын ойнаудың қажеті жоқ" - Қазақстан бокс федерациясының өкілі AIBA-ның айыптауына жауап берді

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектанов AIBA-ның нормаларды сақтау жөніндегі комиссиясының өзіне қатысты айыптаулары негізсіз екенін мәлімдеді.

Жақында Халықаралық бокс қауымдастығының арнайы комиссиясы Қазақстан бокс федерациясы өкіліне қатысты мәселені қарастырғаны белгілі болды. Комиссия Бекжан Бектанов басқа ұлттық федерация басшыларымен кездесу барысында олипиадалық іріктеу турнирлерін басқаратын "жаңа ұйымды құруға үгіттеуге" тырысқан дегенді алға тартты. Аiba.org сайтында бұл мәселе Бектановты "AIBA-ға мүше қызметінен" алып тастауға деген ұсыныспен тәртіп комиссиясына ұсынылатыны жазылған.

"Маған қатысты мәселенің менің қатысуымсыз қарастырылып жатқаны және менің қандай да бір түсініктеме бере алмайтыным таңдандырады, – деп түсіндірді жағдайды ҚБФ атқарушы директоры. – Мен AIBA-дан ешқандай хабарлама, ескерту және сұрақ алған емеспін. Сонымен қатар AIBA мүшесі емеспін және мені заң жүзінде одан алып тастау мүмкін емес", – деді Бекжан Бектенов.

Оның айтуынша, ол бокс федерациясының директоры ретінде басқа ұлттық федерациялармен кездесу өткізіп, кеңес жүргізген. Мұндай кездесулер, қатынасхат, әртүрлі мәселелер бойынша пікіралмасу үнемі болып тұрады және ұйымның жарғысына қайшы келмейді.  

"Егер AIBA әрбір кездесу мен телефон шалуды бақылап отырғысы келетін болса, онда ескерту керек, бұл демократия принциптеріне қайшы келеді. Ондай болса ұлттық федерациялар мүлдем керек жоқ, барлық процесті бір штаб-пәтер басқара алады", – деді Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры.

Бекжан Бектановтың сөзінше, боксқа қатысты жағдайға келер болсақ, оның олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупі бар.

"ХОК пен AIBA арасындағы қарым-қатынасқа алаңдап отырмыз. Барлық әлемдегі боксшылар сияқты бокстың олимпиада бағдарламасы құрамында болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. Қазір билік үшін күресте қандай да бір ойын ойнаудың қажеті жоқ деп есептеймін, керісінше барлық күшті бір мақсат – Токиода өтетін ойындарға бокстың қатысуына салу керек", – деп түйіндеді Бекжан Бектенов.

Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу