Олег Перфилов: "Жылу станциялары үшін айыппұл санкциялары болмауы керек"

10035

"Павлодарэнерго" басшысы Олег Перфилов abctv.kz арнасына энергетиктер Қазақстан электр қуатының нарығы туралы заң жобасын толықтай аяқтап бітіруді сұрайтындығын мәлімдеді.

Олег Перфилов: "Жылу  станциялары үшін айыппұл санкциялары болмауы керек"

Қазақстанда 2009 жылы басталған "Тарифті инвестицияға айырбастау" үкіметтік бағдарламасы 2016 жылдың 1 қаңтарында аяқталды.

Келесі кезекте электр қуаты нарығы болуы керек. Алайда, оны іске асыру 2019 жылға қалдырылды. "Павлодарэнерго" АҚ-ның бас директоры Олег Перфиловтың айтуынша, осы уақыт ішінде нормативті-құқықтық актілерді дайындап бітуге болады.

 - Электр қуаты нарығын енгізуді кейінге қалдыру, толық дайындап бітуге байланысты болуы мүмкін. Ең басында құжат, менің ойымша, біршама асығыстықпен жасалған сияқты, Екібастұз МАЭС, Ақсу ЖЭС түрінде және басқа да электр энергиясын өндірумен аралас режимде жұмыс істейтін, ең бастысы, жылу өндіретін ЖЭС-тар арасында әркелкі жағдайлар қойылған. 

-  Бұл неден көрінеді?

-  Нарық станция өндірмейтін қуатқа, бірақ "KEGOС" компаниясының жүйелік операторы талап еткен жағдайда беруге міндетті төлемді қарастыруда. Мұндай жағдай компанияда электр энергиясының тапшылығы туындаған кезде беріледі. Бұл қысқы кезеңде, біздің ЖЭС-тың барлық буы жылу энергиясын өндіруге жіберілгенде болады. Біз қыстың қандай болатынын алдын ала болжай алмаймыз. Қаланы жылумен қамтамасыз ететін станциялар жүйелік операторлар талап еткен міндетті орындамаған жағдайда айыппұл санкциясы тәуекел зонасында қалады. Басқа жағынан алып қарайтын болсақ, егер біз өзіміздің қуатымызды көрсетпесек, онда электр қуатын түрлендіру модернизациясына қаражат ала алмаймыз. Қазір осындай жағдай туындап отыр.

- Сіз өз ұсынысыңызды дайындаушыларға бердіңіз бе?

-  Жұмыс тобы құрылған, оған тұрақты негізде біздің бас компания "Орта Азия Электр Энергетикалық Корпорациясы" АҚ өкілдері кіреді.

- Сіз өзіңіз осы нарықтың жұмысын қалай көресіз?

-  Электр қуатын шамалап өндіру бар, осы уақытта ЖЭС жылу кестесін ұстап тұра алады. Және ол жүйелік әкімгермен сатып алынуы керек. Егер қаланы жылумен қамтитын станциялар сұралған қуатты техникалық тұрғыдан бере алмайтын болса, оларға айыппұл санкциялары болмауы керек. МАЭС және ЖЭС үшін жеке ережелерді жазған дұрыс болады. Әр түрлі энергия өндірушілер үшін дұрыс саясатты жасау қажет.

- Үкімет бағдарламасы аяқталды, ал тарифке байланысты іс, негізінен, оларды бекіту ісі қандай жағдайда?

-  Жылу энергиясына қатысты тариф бойынша бұрынғы кесте қалды, ол кесте табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментімен бес жылға, яғни, 2016 жылдан 2020 жылға дейін уақытқа бекітілген. Ал электр энергиясы тарифиіне қатысты айтатын болсақ, ҚР энергетика министрінің 2015 жылдың ақпан айындағы бұйрығымен 2016-2018 жылдарға шектік тарифтер бекітілген, станциялар аталған тарифтен жоғары электр энергиясын сата алмайды.

- Олег Владимирович, сіздің ойыңызша, шектік тариф бойынша үкімет бағдарламасы энергетиканы қолдай алды ма?

 - Әлбетте. Ол бағдарлама басталған кезде республиканың көптеген станцияларындағы жағдай нашар болатын. Шектік тарифтер бағдарламасы дер кезінде қолданылды. Ол электр энергиясын түрлендіру тарифіне инвестициялық құраушыны қосуға мүмкіндік берді. Бұл модернизацияға қаражат тартуға және жаңа жабдықты енгізуге мүмкіндік берді. Біз біршама ірі жобаларды іске асырдық. Павлодар 3-ЖЭО-ға көп көңіл бөлінді. Бұл жерде келесі жылы турбиналық цехтың жабдықтары 90 % ауыстырылатын болады, ал станциялардың қуаты 560 МВТ-қа дейін өседі. 2009 жылдан 2015 жылға дейінгі уақытта "Павлодарэнергоның" барлық  инвестиция көлемі 47,4 млрд. теңгені құрады.  Әрине, аз жұмыс қалып отырған жоқ. Бізге тағы да осындай бір-екі бағдарлама болса. 2009 жылы "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы енді басталған кезде бізге 2015 жылға дейін уақыт көп сияқты болап көрінгентін. Қаншама нәрсені істеуге болады деп ойладық. Алайда, уақыт тез өтіп кетті, осы уақытты пайдалана алмай қалғандар, осы мүмкіндікті босқа жіберіп алды.

- Инвестициялар қайтарымды талап етеді және бұл тарифке қосылады ғой?

-  Иә, басқаша мүмкін емес. Біз халыққа қызмет етеміз. Басқа да қызмет түрлері сияқты бұған да ақша төлеу қажет. Мен бұл дұрыс деп есептеймін. Нан сатып алып тұрған кезде ешкім оның бағасына ұн мен дрожждың бағасынан басқа наубайхананы қайта қалпына келтіру шығының да қосылатынын ойламайды ғой.

-  Жаз, жылу электр орталықтарында жөндеу жмыстарын жүргізетін кезең. Сол туралы бір-екі сөз айта кетсеңіз..

-  Біздің компанияның үш ЖЭО-на ағымдағы  жөндеу жұмысына  былтырғы жылғы деңгейде 2016 жылы 3 млрд. теңге жіберілді. Бұған қосымша 1 млрд теңге шамасында инвестбағдарламаға қаражат бөлінді. Осының арқасында, жоғары да айтқанымыздай,  біз компания кәсіпорынының жабдықтарын модернизациялау және қайта қалпына келтіру бойынша күрделі жобаларды іске асыра алдық

Биылғы жылы   жазғы   жөндеу компаниясының барысында 3-ЖЭО үшін күрделі  жөндеу және кеңейтілген-ағымдағы жұмысына 731 573 мың теңге, 2-ЖЭО үшін- 483 122 мың теңге, екібастұздық ЖЭО үшін- 182 450 мың теңге бөлінді. Жыл бойына жөндеу жұмыстарына бізде  барлығы 3 054 061 мың теңге қарастырылған. Жөндеу компаниясының былтырғы жылғы көктемгі- жазғы кезеңдегі ірі шаралары №6 трубиналарды қалпын келтіру, 3-ЖЭО №5 қазандығындағы  жұмыстар. 2-ЖЭО-да түтін трубаларын қарау жүргізілді, келешектегі қалпына келтіру мерзімі бойынша комиссияның қорытындысын күтіп отырмыз. Кесте бойынша Екібастұз станцияларында жұмыс жүруде, ол жердегі №6 қазандықты 2015 жылы толықтай қалпына келтіруді енгізгеннен кейін жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жыл бойы жүргізуге мүмкіндік берді. Бізге валюта бағамының өзгеріп тұрған қиындығына қарамастан, жабдықты тұрақты пайдалану жағдайында ұстап тұруға қажетті жұмыстар көлемін атқару мүмкін болып отыр. Қазіргі жөндеу компаниясы кесте бойынша жүріп жатыр. Бүгінгі күні біз оның "белдеуінен" асып кеттік десек те болады. Біздің жоспарымыз бойынша жөндеу жұмыстарын аяқтаудың мерзімі- 15 қазан . Бұл қаланың жылуына әсер етпейтін соңғы қазандықтар, трубиналар. Электр энергиясы жайында айтатын болсақ, онда ол бізде артығымен орындалуда.

- Ол қандай?

-  Биылғы жылы Павлодар энерго торабындағы электр энергиясының артықтығы 30-40 мегаватқа дейін барды. Мұндай жағдай бізде бірінші жыл болып тұр. Былтырғы жылы біз шамалы электр энергияны Ақсу ЖЭО-дан сатып алған болатынбыз. Биылғы болған электр энергиясының артықтығы біздің "Павлодар" еркін экономикалық зонасын дамытуға алдын ала дайындалып,  3-ЖЭО қуатын айтарлықтай өсіруіміздің арқасында болып отыр.

Екінші себеп- өндірістік кәсіпорындармен электр энергиясының ішкі тұтынуын азайту. Бәрінен бұрын, "KSP Steel" ЖШС. Олардағы айтарлықтай құлдырау 2015 жылы болғантын, сұралған қуаттың 30 %-ы төмендеген еді, ал қазіргі күні тұтыну былтырғы жыл деңгейінде болып отыр.

- Менің білуімше, электр энергиясын тұтыну бойынша үлкен мөлшерлеме дәл "Павлодар" АЭЗ-ны дамытуға жасалған болатын. Ал бұл болмады..

-  Жобалар іске асырылуда, бірақ баяу іске асуда. Жылу және электр энергиясы бойынша күтілген жүктеме әзірге болмады. Біз сонымен қатар қазіргі күні Павлодар мұнай-химия зауытының қалпына келтірудің аяқталуын да көрмей отырмыз, аяқтау мерзімі бірнеше рет өзгертілді.

- Қайта қалпына келтіруден кейін оларда тұтыну көлемі өсуі тиіс қой?

-  Иә, олардың техникалық талаптарына сай жылу мен электр энергиясын тұтыну өсуі керек. Қайталап айтамын, біз бұған дайындалғанмыз, алайда ПМХЗ қалпына келтіру мерзіміндегі өзгеріс бізге де әсер етті. Нәтижесінде біздің қаржылық көрсеткішіміз биылғы жылы жоспарланғаннан төмен.

- Сонда жабдықты модернизациялау мен қуаттылықты арттыруға қаржы салудың пайдасы жоқ қой?

-  Турбинаның жақсы модернизациясын жүргізу үшін үш жыл қажет, жаңа турбина немесе қазандық салу үшін төрт-бес жыл кетеді. Өндірістің құлдырауы уақытша нәрсе. Иә, қазір дағдарыс, ол үш жыл, мейлі, бес жылға созылсын. Бұл да бір орнында тұрып қалатын нәрсе емес. Экономикалық қиындықтарға қарамастан, біздің мемлекетіміз табысты дамуда. Павлодар қаласында да құрылыстар салынуда, біз оны көріп отырмыз. Ал өндіріс туралы айтатын болсақ, ең бастысы, оның қарқыны мен деңгейін жоғалтып алмау керек.

-  Менің түсінуімше, негізгі жабдықтар- турбиналар, қазандықтар, бөлшектерді, сіздер Ресейден аласыздар. Бұл ресейлік рубльмен шарт жасасу дегенді білдіреді. Үнемі басқа валютаға тәуелді болу қиын ба?

-  Ерекшелік сонда, біз заң бойынша бұл шығындарда жоспарланған саннан осы немесе басқа жаққа тек  пайызға ауытқи аламыз. Сол кезде бағамдық айырмашылық сезіледі, әсіресе, былтырғы жылғы доллар мен еуро бағамының өсуі қиындық тудырды.

- Бұл мәселені қалай реттеуге болады?

-  Тағы да, заңға сәйкес, бізде қазан айының ортасына дейін келесі жылға инвестбағдарлама немесе тарифтік смета шарасын түзетуге уақыт бар.

- Бұл сіздердің сатып алу көлемдеріңізді қысқарту керек дегенді білдіреді ғой?

-  Иә. Заңның аты заң, ол әрқашан монополситің жағында бола бермейді. Былтырғы жылы бізге біршама жайғасымдарымызды қысқартуға тура келді. Келесі жылға қалдырылатын жұмыс көлемі қашан да болады. Шындығында, мұны әрдайым кейінге қалдырғың келмейді, өйткені уақыт өткен соң жаңа жұмыс көлемі шығады.

- Олег Владимирович, жабдықты модернизациялауға шектік тарифтен берілген қаражаттан басқа Еуропалық қалпына келтіру және даму банксінің қарыз  қаражаты да пайдаланылды ғой?

-  Иә, бұл ортақ қаржыландыру болды. Біз жасаған қайта қалпына келтіру және модернизациялау көлемін тек шектік тариф есебінен жасау мүмкін емес еді. Сондықтан да біз 2007 жылы 30 млн. доллар қарызға алдық, "Алаған қолым береген" демекші, бізге де қарызды қайтаратын уақыт келді. Қазіргі табыс соны жабуға жіберілуде. Бұл  сома жылына 4,5 млн. доллар шамасында. 2013 жылы ЕҚДБ-дан тағы да жаңа қарыз алынды, оны біз 10 жыл көлемінде қайтарамыз.

- Сіз павлодарлық 2-ЖЭО және 3-ЖЭО модернизациясы аяқталды деп айта аласыз ба?

-  2-ЖЭО Павлодардың бірінші станциясы, біздің энергетика саласының ардагері. Ол жерде кеңейтілген модернизация жүргізілген жоқ, бірақ біз үнемі станциялық жабдықтарға  күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Бұл жабдықтың 2-ЖЭО-да қолданылу коэффицентінің республика бойынша ең жоғарыларының бірі екендігі тегін емес. Бұл станцияға қатысты жоспарлар бар, оған әзірге дағдарыс кедергі болып тұр. Оның бірі-жұмыс істеп тұрған ЖЭС-тың қасындағы құрылыс. Оның қуаты нарықтың жағдаятына байланысты болады. Бұл станция екі жұмыс істеп тұрған қазандығымен 120 мегаватт жүктемені көтере алады. Қазіргі 2-ЖЭО қуаты 110 мегаватт, онда бес қазандық жұмыс істейді. Қазір ресейлік жабдыққа бағдарланған техникалы-экономикалық негіздеме бар. Алайда, аталаған жобаны Павлодардың экономикалық өнеркәсіптілігі өскеннен кейін ғана іске асыру жоспарланып отыр.

-  Павлодар энерго торабын күшейту бағдарламасы барысында электр энергиясын беру желілері шығыршығы құрылысы туралы айтып берсеңіз. Бұл бағытта не істелді және не істелмек? Және жұмысты аяқтағаннан кейін нені күтесіздер?

-  Шындығында, бұл өткір мәселе. Шығыршық құрылысын салу екі бөліктен тұрады. Біріншісін біздің компания орындайды, ал екіншісімен "KEGOС" компаниясы айналысады. Біздің міндетіміз  220-АҮҚ құрылысын қоса алғанда "Промышленная" қосалқы станциясын кеңейту болды. Оны іске асыру 2,5 млрд. теңгеге шықты. Шығыршықтың бізге қатысты бөлігін біз биылғы жылы аяқтаймыз.  

- Аталған жоба кімнің бастамасы болды?

 - 2011 жылы бір ай ішінде біздің павлодарлық станциялар электр энергиясы бойынша  екі рет "нольді" көрсеткен кезде аталған жобаны іске асыру мәселесі көтерілген болатын. Павлодарлық электр торабында  "KEGOС" компаниясымен байланысудың жалғыз желісі ғана бар. Апат жағдайында, ал ондай жағдайлар болып тұрады, Павлодар қаласында және аудандардың барлығында электр энергиясына қатыстының бәрі өшіп қалады. Сонымен қатар, Павлодар қаласы-үлкен өндірістік торап, ПМХЗ жұмысының тоқтауы барлық ережені бұзуға әкеледі. Сондықтан да, шығыршықты құру- бұл электрмен жабдықтаудың сенімді кепілі.

- Менің түсінуімше, ендігі кезек "KEGOС" компаниясында ғой?

-Иә.

- Олег Владимирович, бүгінгі күні сіздің компанияңыздың ең нашар звеносы қандай?

-  Жас мамандар және олардың жиі ауысуы. Еңбек нарығы саласы айтарлықтай дамыған, тіпті, дағдарыс жағдайына қарамастан, көптеген жақсы мамандар жақсы ақша төлейтін жаққа кетуде. Әрине, бізде компанияда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіби мамандар баршылық, олар жұмыс орнын айырбастауды жоспарламайды.Ал жас мамандар жетіспейді. Оларды қызықтырып, өндірісте қалдыру үшін компанияда бірқатар әлеуметтік жобалар дайындалған. Соның, ең жаңасы- компанияның өз үйінің құрылысын салу, бірінші кезекте, жас мамандар, келешегі бар, өздерін кәсіби тұрғыдан көрсете білген мамандарға үй беру.

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу