Олимпиада-2026: Ерлер хоккей турнирінің жартылай финал жұптары белгілі болды

107

Алтыннан басты үміткер - Канада құрамасы. 

Олимпиада-2026: Ерлер хоккей турнирінің жартылай финал жұптары белгілі болды Фото: sportbox.ru

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы хоккей турнирінде жартылай финалға шыққан командалар анықталды. Ширек финалдық кезең аяқталғаннан кейін қатысушыларға қайта іріктеу жүргізілді. Ең жоғары рейтингке ие команда жартылай финалға шыққан ең төмен рейтингтегі қарсыласымен ойнайды, ал қалған екі құрама өзара жұптастырылды.

Жартылай финалда Канада Финляндиямен кездеседі, ал АҚШ Словакиямен ойнайды.

Ерлер хоккей турнирі 11-22 ақпан аралығында өтуде. Соңғы 12 жылдан бері алғаш рет жарысқа Ұлттық хоккей лигасы (NHL) ойыншылары қатысып жатыр.

Қазіргі Олимпиада чемпионы - Финляндия. Олар 2022 жылғы финалда Ресей құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленген еді.

Ал, канадалықтар  Олимпиада ойындарының тоғыз дүркін жеңімпаздары, соңғы рет олар 2014 жылы Сочиде өткен ойындарда жеңіске жеткен. Сондықтан "үйеңкі жапырақтылар" елінің хоккейшілері алтын медальдан басты үміткер.  

Жартылай финалдық ойындар 20 ақпанда өтеді. Үшінші орын үшін кездесу 21 ақпанда, финал 22 ақпанда ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу