banner

Олимпиада чемпиондары Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдіруде

3601

Александр Винокуров, Данияр Елеусінов, Геннадий Головкин және Дмитрий Баландин ризашылықтарын білдірді. 

Олимпиада чемпиондары Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдіруде

Олимпиада чемпиондары өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстары мен ризашылықтарын білдіруде.

Атап айтсақ, Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкин ризашылығын білдірген.

"Қазақстан азаматы және өз елімнің патриоты ретінде Тұңғыш президентімізге, ең бірінші, тәуелсізідігіміз үшін рахмет айтқым келеді. Өзіміздің әнұранымыз бен туымыз, елтаңбамыз бар. Біз, өзіміз мақтан ететін көпұлтты мемлекетпіз. Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге барлығы үшін рахмет! Сізге зор денсаулық, жас мемлекетімізге гүлдену мен амандық тілеймін", – деп жазылған хабарламада.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы жүзуші Дмитрий Баландин тілегін қысқа білдірген.

"Барлығы үшін рақмет, Президент мырза!", – деп жазды Дмитрий.

Қазақстанның кәсіби велошабандозы, 2006 жылы Испаниядағы Вуэльта жеңімпазы және 2012 жылы топтық жарыста олимпиада чемпионы болған Александр Винокуров: "Тарихи күн! Рақмет, Президент мырза! Бейбіт өмір мен тұрақтылық, өркендеу үшін рақмет. Еліміздің қалыптасуы үшін жасаған барлық еңбегіңіз үшін рақмет", - деп жазған екен.

Сондай-ақ 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит те қысқаша алғысын білдірді.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, боксер Данияр Елеусінов те алғысын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі спортты дамыту үшін жасаған еңбегіне рақметін жаудырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу