Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Тараз қаласындағы ауруханалардың бірінде ота жасатты. Бұл туралы Ulysmedia хабарлады.
Қазіргі уақытта спортшы дәрігерлердің бақылауында. Биыл Сметов халықаралық жарыстарға қатысуға дайындалып жатқан еді. Алайда дәрігерлер отадан кейін жаттығу мен жарыстарға қайта оралу үшін міндетті түрде оңалту кезеңінен өту қажет екенін айтты.
Маусым айында Елдос Сметов Рим қаласында бұрыннан мазалап жүрген иық жарақатына да ота жасатқан болатын.
Айта кетейік, Елдос 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс, 2020 жылы Токиода өткен ойындардың қола, 2024 жылы Парижде өткен ойындардың алтын жүлдегері. Сондай-ақ ол әлем чемпионаты, Азия ойындары мен Азия чемпионаттарының жүлдегері.